Оңтүстік Кореяда президент күзет қызметі басшысының міндетін атқарушы қамалды
Сеулде Оңтүстік Корея президенті күзет қызметі басшысының міндетін атқарушы Ким Сон Хун қамауға алынды. «Ионхап» агенттігінің хабарлауынша, оған тергеу органдарының жұмысына кедергі келтірді деген айып тағылып отыр. Ким Сон Хун Ұлттық тергеу басқармасына жауап беру үшін келгенде ұсталған. Президентті алғашқы қамауға алу әрекеті кезінде ол тергеу ісінде жауап беру үшін 3 рет шақырылған. Бірақ Ким Сон Хун келмей қойды.
Естеріңізге сала кетейік, 14 желтоқсанда депутаттар мемлекет басшысы Юн Сок Ёльге импичмент жариялап, сот оны қамауға ордер берген болатын. Алайда оның күзетшілері ұстауға мұрсат бермеді. Өйткені олар полициядан көп болған. Ким Сон Хун: «Қызметтік міндеттер шеңберінде әрекет еттім», – дейді.