Танзанияда Марбург вирусынан 8 адам көз жұмды

Танзанияда Марбург вирусынан 8 адам көз жұмды

Танзанияда Марбург безгегінен 8 адам көз жұмды. Тағы ондаған тұрғын жұқтырған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, вирусқа шалдыққандардың көбі – Кагера аймағының тұрғындары. Науқастардың басы мен арқасы қатты ауырып, дене қызуы көтеріліп, лоқсып, іштері өткен. Көршілес Конго мен Угандаға да қауіп төніп тұр. Мамандар: «Марбург жарқанаттан жұғады, бауыр, асқазан-ішек жолы және орталық жүйке жүйесін зақымдайды», – дейді. Бұл аурудан 2005 жылы Англияда 329 адам қайтыс болған.