Интернет қолданушылары Лос-Анджелестегі өрттен жапа шеккендерге $100 млн жинады

Интернет қолданушылары Лос-Анджелестегі өрттен жапа шеккендерге көмекке 100 млн долллардан аса ақша жинады, деп хабарлайды 24kz.

Оны GoFundMe коммерциялық емес платформасы ұйымдастырды. Енді қаржы оқиға орнында көмек көрсетіп жатқан коммерциялық емес ұйымдарға аударылады. Лос-Анджелес өңірінде қаңтардың басында басталған алапат орман өртінен 100 мыңнан аса тұрғын үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болды. 10 мың құрылыс өртеніп кеткен. Соңғы дерек бойынша 27 адам опат болды. Ізім-ғайым жоғалып кеткен тағы 26 адам әлі табылмады. Өрт әлі толық сөнген жоқ.