Израиль қақтығысты тоқтату жөнінде келісімді мақұлдады
Израиль билігі Газа секторында қақтығысты тоқтату жөнінде келісімді бекітті, деп хабарлайды 24kz.
Үкіметтің 24 мүшесі қолдаса, қалған 8-і қарсы дауыс берген. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. Олардың айтуынша, құжатты талқылау бірнеше сағатқа созылған. Келіссөзге сәйкес ХАМАС қозғалысы осы жексенбіден бастап тұтқындағыларды біртіндеп босатуға тиіс. Кепілдегілерді бостандыққа жіберу процесі 6 аптаға созылады. Израиль армиясы өз әскерін Газа секторынан шығарады. Қоныс аударған палестиналықтарға үйлеріне оралуға рұқсат етіледі. Аймаққа күн сайын гуманитарлық көмекпен жүздеген жүк көлігі өтеді. 16 күннен соң келісімнің екінші кезеңі басталады. Соңғы кезеңде Газа секторын қалпына келтіру көзделген.