Лос-Анджелесте өрт ошағы бақылауға алынды

Лос-Анджелесте алапат өрттің біраз бөлігі сөндірілді, деп хабарлайды 24kz.

Негізгі ошағы Пасифик Палисейдс ауданында өрт оқшауланды. Мұнда 9,5 мың гектар жер жанып кеткен. Қалған аудандарда отты сөндіру қиынға соғып жатыр. Өйткені жел қайтадан күшейген. Оған қоса, аймаққа көшкін қаупі төніп тұр. Синоптиктер осылай деп болжам жасады. Кейінгі мәліметке сүйенсек, тілсіз жаудан 27 адам  опат болды. Жергілікті билік: «Құрбандардың саны әлде де арта түсуі мүмкін», - дейді. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.