Тегеранда белгісіз біреу судьяларды мылтықпен атып өлтірді

Тегеранда белгісіз біреу Иранның жоғарғы сотының судьяларына қарумен шабуыл жасады. Екі фемида қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір судья жарақат алған. Ол шұғыл ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Қаскөй өзіне-өзі қол жұмсағаны белгілі болды. Иран Ислам сақшылар корпусының мәліметіне қарағанда күдікті жергілікті сот ғимаратында суға жауапты қызметкер болған. Ол судьяларды мылтықпен атып өлтірген. Оқиғадан кейін Тегеран сотының бірнеше қызметкері прокурордың бұйрығымен қамауға алынды.