БҰҰ: 200 мың сириялық еліне оралды
Сирияда Башар Асад билігі құлаған соң 200 мыңнан астам адам отанына оралды. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының босқындар ісі жөніндегі басшысы Филиппо Гранди мәлімдеді.
Ал былтыр Ливаннан 550 мың сириялық еліне қайтып оралған. Біріккен Ұлттар ұйымының өкілдері жан-жақтағы сириялықтарды еліне көшіру үшін қаржылай қолдау қажет екенін айтады. Жалпы 2011 жылы азаматтық соғыс басталған кезде Сириядан 6 миллион адам көшіп кеткен.