Трамп президент бола салысымен 200-ден астам жарлыққа қол қояды
Жаңадан сайланған Дональд Трамп президент болып кіріскен қызметінің алғашқы күні 200-ден астам жарлыққа қол қояды.
Бұл туралы өз дерек көздеріне сілтеме жасаған америкалық Fox News телеарнасы хабарлаған. Трамп оңтүстік шекарада төтенше жағдай жариялап, барлық заңсыз мигранттарға ел аумағына кіруге тыйым салып, үзіліп қалған дуал құрылысын жандандыруы мүмкін. Сондай-ақ шетелдік есірткі сауда топтарын лаңкестік ұйымдар деп танымақшы. Бұдан бөлек АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің 51 қызметкерінен құпия ақпаратқа қолжетімділік рұқсатын алып тастайды деген болжам бар. Бұл қызметкерлер 2020 жылғы президент сайлауының алдында Хантер Байденнің ноутбугына қатысты жалған мәлімет берген.