Трамптан нені күтуге болады?

Президенттік міндетіне кіріскен күні Дональд Трамп 200-ден аса жарлыққа қол қоямын деп отыр.

Ол бірінші мерзімі кезінде президенттігінің алғашқы күні сайлауалды науқанында берген уәдесінің бірі - денсаулық сақтау саласындағы реформаның күшін жойған еді. Бұл жолы саясаткер америкалықтардың өміріне қандай өзгеріс әкелемін деп отыр. Жұлдыз Атагельдиевадан білейік.

Дональд Трамп 79 жаста. Нью-Йоркте кәсіпкерлер отбасында дүниеге келген. Саяси мансабы 90-жылдары басталған. Трамп 5 рет Президенттік сайлау қатысуға күш салған. Осыдан 9 жыл бұрын қарсыласы Хилари Клинтонды басып озып, Президент болды. Тақта 4 жыл отырды. Есімізде қалғаны, Президенттік міндетіне кірісе сала алғашқы күні сайлауалды науқаны кезінде берген уәделерінің бірін орындаған еді. Нақтырақ айтсақ, Америкадағы кедей тұрғындар үшін медициналық қызметті қолжетімді етуге бағытталған жарлыққа қол қойған. Ал осыдан 5 жыл бұрын тағы сайлауға түсіп Джо Байденнен жеңілген болатын. Бірақ жеңілісін мойындамай, түрлі наразылық акцияларын ұйымдастырды. Жақтастары Капитолийді басып алып, Трампқа 4 қылмыстық іс қозғалған еді. Ал былтыр шілдеде Пенсильваниядағы сайлауалды науқаны кезінде саясаткерге шабуыл жасалғаны да есте.

Д.Трамптың сайлауалды уәделері

Дональд Трамп сайлауалды науқаны кезінде АҚШ экономикасын бюджет тапшылығын құтқарып қаламын деп уәде еткен. Ол мемлекеттік бюджет тапшылығы мәселесін шешіп, баж салығын көтеремін деп отыр. Мысалы Қытайдан келетін өнімдер үшін баж салығы 60 пайызға өсетінін айтады. Сонымен қоса саясаткер Израиль мен Хамас арасындағы жанжалды шешуге сөз берген. Тараптар өткен аптада бейбіт бітімге келіп, тиісті құжатқа қол қойды. Келісім аясында палестиналық топ 3 израильдік тұтқынды босатты. Ал еврей елі Газа аумағынан өз әскерін әкете бастады. Бұдан бөлек Трамп Украинадағы соғысты тоқтатып, АҚШ-тағы заңсыз көші-қон мәселесін шешемін деп отыр.

Д.Трамп қызметінің алғашқы күні 200 жарлыққа қол қоймақ

Жаңадан сайланған Дональд Трамп қызметінің алғашқы күні 200-ден аса жарлыққа қол қояды. Ол ең алдымен оңтүстік шекарада төтенше жағдай жариялап, барлық заңсыз мигрантқа ел аумағына кіруге тыйым салып, тоқтап қалған қоршау құрылысын жандандыруы мүмкін. Сондай-ақ саясаткер есірткімен айналысатын шетелдік топтарды лаңкестік ұйымдар деп танымақшы. Бұдан бөлек Фокс Ньюс телеарнасы Трамп Джо Байден әкімшілігінің маңызды жарлықтарының күшін жоятынын хабарлайды.

Жулдыз Атагельдиева