Ұлыбритания мен Ирландияда 500 мың үй жарықсыз отыр
Ұлыбритания мен Ирландияға дүлей дауыл соғып, 500 мыңнан астам үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды 24kz.
Тағы 120 мың ирландиялық ауызсуға қол жеткізе алмай отыр. Өйткені құбыр зақымдаған. «Рейтер» агенттігі осылай деп хабарлады. Дауыл егістік алқаптары мен шаруашылық жерлерін де жайпап, түк қалдырмаған. Қазір бұл елдерде ұшуға тыйым салынып, 1 мыңнан астам әуе рейсі шектелді. Пойыздар да тоқтады. Мамандардың айтуынша, «Эовин» дауылының жылдамдығы сағатына 160 шақырымға жеткен. Қазір ол солтүстікке қарай жылжып, Шотландияда 35 мың үйдің электр желісін қиып кетті. Жергілікті метереологтар алдағы күндері жауын-шашын болып, мұның соңы көктайғаққа әкеледі деп болжайды.