Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауын бомбалады
Израиль әскері Иордан өзенінің батыс жағасындағы Тулькарм қаласына әуеден соққы жасады.
Тұрғын үйлер мен көліктер бомбаланған. Шабуыл салдарынан 1 күнде бірнеше палестиналық қаза тапты. Нақты саны әзірге белгісіз. Израиль билігі әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Израиль Иордан өзенінің батыс жағасындағы ДженИн, Тулькарм және Аната қалаларында 21 қаңтардан бері "Темір қабырға" атты әскери операция өткізіп жатыр. Ресми Тель-Авив аталған жерлерде лаңкестер бекінген дейді.