ХАМАС босатуы тиіс болған сегіз адам көз жұмған

ХАМАС босатуы тиіс 33 тұтқынның 8-і көз жұмған.

Бұл туралы Израиль үкіметінің өкілі ДавИд Менсер мәлімдеді. Олар бейбіт бітімнің алғашқы кезеңінде отанына қайтарылуы керек болатын. Марқұмдардың мәйіті алдағы апталарда туыстарына табысталады. Әзірге 6 израильдік тұтқын жіберілген. 30 қаңтарда үшеу және 1 ақпанда үш Израиль азаматы босатылады.