Францияда алапат су тасқыны жүрді

Францияның солтүстік-батысында "Эрминия" дауылы соғып, нөсер соңы алапат тасқынға ұласты.

Әсіресе Бретань аймағы қатты зардап шеккен. Көшелер дарияға айналды, ондаған көлікті су шайып әкеткен. Үйлер су астында қалды. Аймақта қауіп-қатердің "қызыл" деңгейі енгізілген. Қоғамдық көлік, оның ішінде, пойыз қатынасы тұралап қалды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Әзірге 400-ден астам тұрғын қауіпсіз жаққа көшірілді. Билік мұндай тасқын кейінгі 40 жылда болмаған дейді. Метеорологтар қолайсыз ауа райы әлі бірнеше күн сақталады деп ескертті.