Түркия Газа секторына гуманитарлық көмек жіберді
Түркия Газа секторына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды 24kz.
Жүкті әскери кеме апара жатыр. Қазір ол Мысырдың Ариш теңіз айлағына жетті. Көмек 10 мыңнан астам шатыр, 15 мың көрпе, ондаған жылжымалы дәретхана және жүздеген генераторды қамтиды. Түрік билігі осындай жәрдемді айына 2 рет жіберсек деген ниетте. Ресми Анкара 2 күн бұрын палестиналықтарға 900 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жолдаған болатын.