Ақ үйдің баспасөз конференцияларына блогерлер қатысады

Ақ үйдегі баспасөз конференциялары мен брифингтерге енді БАҚ өкілдерімен қатар блогерлер де қатысады, деп хабарлайды 24kz.

Сондай-ақ осыған дейін баспасөз залына кіруге рұқсаты жоқ журналистер мен тәуелсіз басылым өкілдері де Ақ үйдегі жаңалықтардан тікелей хабардар бола алады. Бұл Дональд Трамптың бастамасымен жүзеге асып отыр. Ол осыған дейін сайлауалды науқандарда медиа саласына өзгерістер әкелемін деген болатын.