Израиль палестиналық тұтқындарды босатуды тоқтатты
Израиль билігі палестиналық тұтқындарды босатуды уақытша тоқтатып тастады.
Жоспар бойынша кеше 110 адамды бостандыққа шығару керек болатын. Бірақ соңғы сәтте еврей елінің тарапы шешімін өзгертті. Себебі ХАМАС мүшелерінің әрекеті көңілінен шықпай қалды. Палестиналық ұйым соңғы рет израильдік тұтқындарды босатпас бұрын оларды ашуға булыққан тұрғындардың алдына алып шыққан еді. Израиль жағы мұны қорлауға теңеп, келесі жолы ондай жағдайдың қайталанбауын талап етіп отыр. Тараптар Газа секторындағы бейбіт бітімге сәйкес, 19 қаңтардан бері тұтқындармен алмасып жатыр. Жоспар бойынша ХАМАС ертең 3 израильдік тұтқынды босату керек.