Израиль Палестина автономиясына тиесілі Дженин қаласын шабуылдап жатыр
Израиль мен ХАМАС арасында бейбіт келісім күшіне енгеніне қарамастан Израиль армиясы Палестина автономиясына тиесілі Дженин қаласын шабуылдап жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – Газа секторының батыс бөлігі. Израиль қазір бұл аймақта әскери рейдтер жүргізіп жатыр. Ресми ақпар бойынша ай басынан бері 18 адам қаза тапқан. Сондай-ақ жергілікті тұрғындардың көпшілігі қамауға алынған. Израиль бұл қаланы Иран қолдап отырған ХАМАС-тың ірі орталығы деп санайды.