Түркияда кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салынады
Түркия билігі кәмелетке толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салмақ.
Бұл туралы елдің көлік инфрақұрылым министрлігі мәлімдеді. Министрліктің айтуынша, 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желідегі кейбір контенттер кері әсер етуі мүмкін. Қазірдің өзінде елде зорлық-зомбылық тақырыбындағы видеоойындар мен бейнематериалдар көрсетілмейді. Жалпы әлеуметтік желіні шектеу туралы бастама өзге елдерде де жиі талқыланып жүр. Австралия әлеуметтік желіге жас ерекшеліктеріне байланысты шектеу шараларын енгізді. Индонезия да бұл тәжірибені пайдаланып көрмек.