Мысыр тұрғындары Трамптың бастамасына қарсы шерулетті

Мысыр тұрғындары Рафах өткізу-бақылау бекетінің алдына жиналып, шерулетті, деп хабарлайды 24kz.

Олар Газа секторының тұрғындарын Египетке көшіру туралы Трамптың бастамасына наразылық танытты.

Шерушілер қос елдің туын желбіретіп, «Қозғалысқа жол жоқ» деп ұрандатты. Олардың қатарында саясаткерлер де болды. Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп палестиналықтарды араб еліне көшіру туралы ұсыныс көтерген еді. Оның пікірінше, Египет пен Иордания Газа секторының мыңдаған тұрғынын қабылдауға мүмкіндігі жетеді. Мысыр билігі бұл ұсынысты қатаң сынға алды.

Жергілікті тұрғын:

- Біз Президенттің палестиналық бауырларымызды мәжбүрлеп көшіруге қарсы пікірін құптаймыз. Қақтығыс пен оның салдары өзге елдің есебінен шешілмеуге тиіс.

 

Израиль 183 палестиналық тұтқынды босатты

Ал Израиль әскері 183 палестиналық тұтқынды босатты. Айырбас тараптар арасындағы келісім аясында жүзеге асты. Еркіндікке жіберілгендердің жартысы Иорданияның батыс жағалауына, қалғаны Газа секторына жөнелтілді. Бұған дейін ХАМАС ұйымы 3 израильдікті азат етті.