Израиль әскері «Рафах» бақылау бекетінен біржолата кетті

Израиль әскері Газа секторы мен Мысыр шекарасындағы «Рафах» бекетінен біржолата кетті, деп хабарлайды 24kz.

Бұл жер енді Еуроодақ-тың бақылауында болады. Бастама тараптардың 19 қаңтарда бекіткен бітімгершілік келісімі аясында жүзеге асты. Жақында дәл осы бекет арқылы қақтығыстан зардап шеккендерді Мысырға тасымалдау жұмыстары басталады. Тәулігіне 200-дей адам шекарадан өтеді деп жоспарланған. Кейінгі 9 айда «Рафах» өткізу-бақылау бекетін Израиль әскері жауып тастаған еді. Салдарынан Газа секторына жүк көмегі өте алмады.