No comment: Антарктидада жүгіру марафоны басталды
Антарктидада World Marathon Challenge деп аталатын халықаралық жүгіру жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
1 апта ішінде 62 спортшы жеті континентте жеті марафон жүгіріп өтуге тиіс. Олардың межеге жетуіне ақ ұлпа мен ызғарлы жел де кедергі болмады. Атлеттер 9 градус суықта алғашқы кезеңді сәтті аяқтады. Сөйтіп, 4 шақырым жерде 10 айналым жасады.