Австралияның Квинсленд штатын су басты
Австралияның Квинсленд штатында жаңбыр толассыз жауып, арты тасқынға ұласты, деп хабарлайды 24kz.
Салдарынан 1 адам көз жұмды. Аймақтағы тәулік бойы жауыған жаңбырдың мөлшері 300 миллиметрге дейін жетеді. Жергілікті билік осыған байланысты мыңдаған тұрғынға табиғи апат қауіпі күшейгенін ескертіп, хабарлама жөнелткен. Оған дейін жағалауға жақын Кэрнс және Маккая мекендерінің тұрғындары тасқын туралы алдын ала құлағдар етілген. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қайықтар мен кемелердің қозғалысы тоқтатылды.