Трамп Канада, Мексика, Қытай тауарларына баж салығын енгізді
АҚШ билігі Канада, Мексика және Қытайдан келетін тауарларға баж салығын енгізді, деп хабарлайды 24kz.
Мексика мен Канада тауарларына 25, ал Қытайдан импортталатын тауарларға 10% салық салынды. Сарапшылар шара Канада мен Мексика экономикасына үлкен ауыртпалық салатынын айтады. Өйткені АҚШ-тың мұнай өңдеу өнеркәсібінің 20-25%-і канадалық шикізатты пайдаланады. Бұл мемлекет қара алтынның 70%-ін АҚШ-қа экспорттайды. Ал Мексика өзі өндіретін жеміс-көкөністердің шамамен 64%-ін АҚШ нарығына жеткізеді екен. Сондықтан президент Клаудия Шейнбаум Вашингтонмен мәселені талқылағысы келетінін мәлімдеді.