АҚШ-та Д. Трамптың көші-қон саясатына қарсы шеру өтті
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында президент Дональд Трамптың заңсыз көші-қонмен күрес шараларына қарсы жаппай шеру өтті.
Мексика туларын желбіреткен бір топ белсенді Ольвер көшесімен жүріп өткен. Басқа топ күрежолдардың бірін жауып тастады. Ереуілшілер әсіресе заңсыз мигранттарды депортациялауға наразы. Мұндай қарсылық акциялары Сан-Диего мен Далласта да өтті. "Рейтердің" мәліметі бойынша, 1 күнде 1200-ге дейін мигрант қамауға алынады. Бұл былтырғы көрсеткіштен бірнеше есе көп. Нью-Йорк және Чикаго сияқты ірі қаларда да жаппай тексеріс жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетейк, Трамп 20 қаңтарда қызметіне кіріскен бетте шекараға әскерилерді жіберіп, қамауға алуды, депортация талаптарын қатаңдатты. Сондай-ақ иммиграция және кеден қызметкерлерінің өкілеттігі кеңейтілген.