Илон Маск АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігін айыптады
Илон Маск АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігін биологиялық қару әзірлеуге ақша бөлді деп айыптады.
Миллиардердің мәлімдеуінше, қаржы COVID-19 вирусын шығаруға да жұмсалған. Яғни, америкалықтар салығының 53 млн доллары шығындалған. Бизнесмен, осылайша, өзге елдерге әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуге көмек көрсететін Агенттіктің жұмысын сынға алды.
Айта кетейік, бұған дейін президент Трамп агенттіктің бағдарламаларын 3 айға дейін тоқтату туралы жарлыққа қол қойған. Осы уақыт ішінде ұйымның елдің сыртқы саяси ұстанымдарына сәйкестігі тексерілмек. 1 ақпаннан бері агенттіктің сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттары жұмыс істемей тұр.