Криптотрейдерлер бір тәулікте $240 млрд жоғалтты
АҚШ пен Канада арасындағы баж салығы туралы жаңалықтан кейін криптовалюта нарығы құлдырады, деп хабарлайды 24kz.
Салдарынан бір тәулікте криптотрейдерлер 240 млрд долларынан айырылған. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Биткоин 10%-ке арзандап, 91 мың долларға дейін төмендеген. Қазір ол 94 мың долларға саудаланып жатыр. Ал капитализациясы бойынша екінші ірі криптовалюта – Эфириум 23%-ке арзандады. Тіпті Трамптың өзінің мемкоины да рекордтық көрсеткіштке дейін төмендеген. Сарапшылар америкалықтардың өзге елдерге салған баж салығы АҚШ экономикасының өсімін тежеп, инфляция деңгейінің артуына әкеп соқтыра ма деп қауіптенеді.