Австралияда су тасқыны салдарынан мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді
Австралияның солтүстік-шығысында тасқыннан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Мыңдаған тұрғын үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғат апатынан қатты зардап шеккен екі қалада төтенше жағдай тәртібі енгізілді. Аймақта бірнеше күнде жауын-шашын жаз бойы жауатын мөлшері түскен. Инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығына нұқсан келді. Синоптиктер нөсер әлі басылмайтынын ескертеді.