ДДСҰ басшысы АҚШ президентіне ықпал етуді сұрап отыр

«Әлем елдерінің басшылары Дональд Трампқа ықпал етіп, АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығуына жол бермеу керек!». Ұйымның басшысы Тедрос Гебрейесус осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 24kz.

Ол АҚШ-тан келетін қаржы тоқтаса, денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының іске асуы қиындайтынын ескертеді. Америкалықтар – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ең ірі демеушісі. Олар бірлестіктің қажеттіліктірінің 40%-ін жауып келген. Сөйтіп, жылына 500 млн долларға дейін аударып отырған. Ал, мысалға Қытай 40 млн доллар бөледі екен. Дональд Трамп мұны әділетсіздік санап, 21 қаңтарда АҚШ-тың ұйымнан шығуы туралы жарлыққа қол қойды. Енді құжат келер жылдың қаңтарында күшіне енуі тиіс.