Антонио Страдивари жасаған скрипка бәссаудада сатылады
Италияның аты аңызға айналған шебері Антонио Страдивари жасаған скрипка Нью-Йорктегі Sotheby's бәссаудасында сатылады. Бастапқы баға 12 миллион мен 18 миллион доллар аралығында.
Бұл аспапқа 300 жыл болған. Страдивари оны өзінің «Алтын дәуірі» кезінде жасаған. Қазір оның қолынан өткен бұйымдар коллекционерлер арасында өте танымал. Лотта сатылатын скрипканың өте жақсы жағдайда сақталғаны және кәсіби музыканттардың пайдалануына толық дайын екендігі айтылды. Оның қазіргі иесі – Бостон консерваториясы. Аукцион 7 ақпанда басталады.