Өзбекстанда фонограммамен ән айтуға тыйым салынады
Өзбекстанда фонограммамен ән айтуға тыйым салынады.
Арнайы заң жобасын Сенат депутаттары мақұлдады. Құжатта көрсетілгендей концерттерде әншілер жанды дауыспен ғана ән айтуы тиіс. Ал егер фонограмма қолданылатын болса, ұйымдастырушылар жарнамалық хабарламада оны алдын ала көрсетіп, көрерменді ескертуі тиіс. Құжат авторлары кімнің композитор, кімнің шын әнші екенін осылайша анықтамақ. Заңның орындалуын қадағалау мәдениет министрлігінің құзыретіне берілді. Олқылықтар анықталса, концертті ұйымдастырушы мен әншіге қатысты әкімшілік жаза қолдану қарастырылған. Сенаторлар құжаттың маңыздылығын атап өтті. Оның өзбек әншілік өнерінің өрісін ашып, нағыз таланттарды іріктеуге мүмкіндік береріне сенімді.