Қытай кинотеатрлары билет сатуда рекорд жасады

Қытайда жаңажылдық демалыс кезінде кинотеатрлардың кірісі 1,5 млрд долларға жетті, деп хабарлайды 24kz.

Сатылған билеттер саны 170 млн-нан асқан.

Бұл – рекордтық көрсеткіш. Биыл әсіресе «Нэчжа 2» анимациялық фильміне сұраныс жоғары. Мереке кезінде шығыстағы көрші елде кинотеатрларда кісі қарасы арта түседі. Биыл келушілер саны ерекше көп. Сарапшылар бұған Қытайдың кинематография істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының бастамасы да әсер еткенін айтады. Мекеме саланы дамытуға 80 млн доллар бөлген.