Грекиядағы зілзала: 9000 адам эвакуацияланды
Грекияның Санторини аралында да жер сілкініп, 9 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оларды эвакуациялау үшін паромдар мен ұшақтар пайдаланылды.
Ақпан айы бастала салысымен аймақта 200-ден аса жер сілкінісі тіркелді. Сейсмикалық белсенділіктің артуына байланысты билік қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр. Мектептер уақытша жабылды. Қонақ үйлерде бассейндердің ішін суға толтыруға тыйым салынған. Тұрғындар мен демалушыларға кемежайдан аулақ жүруге кеңес берілді.
Санторини – Грекиядағы танымал туристік орын. Жыл сайын 3 миллионан аса адам саяхаттап барады.