АҚШ БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығады
Дональд Трамп АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығу туралы жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ оның палестиналық босқындарға көмек көрсететін агенттігін қаржыландыруды тоқтатты.
Саясаткер: «Аталған ұйымдар өз міндеттерін дұрыс атқармайды», – дейді және кеңесті Израильге қарсы әрі адам құқықтарын бұзатын үкіметтерге қолдау білдірді деп айыптап отыр. АҚШ Трамптың алғашқы президенттік кезеңінде де БҰҰ-ның осы құрылымынан шығып кеткен. Ал Джо Байден әкімшілігі тұсында керісінше палестиналық босқындарға көмек көрсететін агенттікке АҚШ күніне 400 миллионға дейін қаржы бөліп келген.