АҚШ USAID агенттігінің шетелдегі барлық кеңсесін жабады
Сондай-ақ АҚШ билігі өзінің USAID деп аталатын Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің шетелдегі барлық кеңсесін жабуға бұйрық берді. CBS телеарнасының хабарлауынша, ұйымның қызметкерлері 7 ақпанға дейін елге қайтарылмақ.
Бұған дейін Дональд Трамп бағдарламаларын 3 айға тоқтату туралы бұйрыққа қол қойған еді. Ал 1 ақпаннан бастап ұйымның веб-сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттары жабылған. Сондай-ақ агенттіктің мыңнан астам қызметкері себепсіз жұмыстан шығарылып, демалысқа жіберілген еді.