Уганда билігі Конгоға тағы мың жауынгерін жіберді
Уганда билігі Конго демократиялық республикасына тағы бір мың жауынгерін жіберді. Сөйтіп, онда жүрген көрші ел сарбаздарының саны 5 мыңға жетті. Сарапшылар: «Бұл елдегі күрделі жағдайды шиеленістіре түсуі мүмкін», – дейді. Өйткені олар «M23» қарулы тобын қолдайды деп күдіктенеді. Бұған дейін жергілікті билік көрші Руанда елінің билігін көтерілісшілерге көмектесіп жатыр деп айыптаған болатын.
Айта кетейік, өткен апталарда «M23» тобы Конгодағы ең ірі шаһар Гоманы басып алды. Бұл пайдалы қазбаларға бай өңір. Соңғы ақпарға қарағанда қарулы топтың шаһарды шабуылдауы кезінде 800-ге жуық адам қаза тауып, тағы 3 мыңдайы жараланған. Алдағы күндері Африка елдері саммит өткізіп, ондағы ахуалды талқылауы тиіс.