Адам миында шай қасық көлеміндей микропластик бар
Адам миында микропластиктің үлесі жылдан жылға өсіп барады.
Кейінгі сегіз жылда оның үлесі 50 пайызға артқан. Америкалық ғалымдардың жүргізген зерттеуінің нәтижесі осындай. Олар мидың ішінен көлемі 5 милиметр пластиктің барын анықтаған. Бұрын пластик көбіне ауада, суда және тамақта болатын. Енді адам миынан да табылды. Оның мөлшері шай қасықтай болады. Пластик миға тыныс алу немесе асқазан-ішек жолдары арқылы өтеді, дейді ғалымдар. Енді пластиктің адам денсаулығына әсері мұқият зерттелетін болады.