АҚШ-та заңсыз мигранттар Гуантанамо түрмесіне жеткізіле бастады

АҚШ-та заңсыз мигранттар Гуантанамо түрмесіне жеткізіле бастады

АҚШ-тан депортацияланған мигранттар Гуантанамо түрмесіне жеткізілді. Бұл АҚШ-тың Кубадағы әскери базасында орналасқан қатаң тәртіптегі түзету мекемесі. Бұған дейін мұнда «Әл-Каида» мүшелері қамауда отырған. Енді онда арнайы бортпен адам саудасы, есірткі тасымалы және басқа да қылмыс жасаған заңсыз мигранттар жеткізіліп жатыр.

Дональд Трамп қызметіне кірісе салысымен АҚШ-қа заңсыз кірген босқындарды үйлеріне қайтаруға кіріскен. Қолда бар мәлімет бойынша олардың саны 11 миллионға жуықтайды. Президент АҚШ аумағында қылмыс жасаған заңсыз мигранттарды Гуантанамодағы әскери базаға жіберуді бұйырған. Мұнда 30 мыңнан аса мигрант көшірілуі мүмкін.