Ауаның ластануы алаңдатады

Ауаның ластануы алаңдатады

Әлемде ешқашан шылым шекпеген адамдар арасында өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққандар көбейіп барады.

Оған ауаның ластануы себеп болуы мүмкін. Қатерлі ісікті зерттеудің халықаралық агенттігі осындай қорытынды жасап отыр. Онкологиялық аурулардың арасында өкпенің қабынуы бесінші орында тұр. Қатерлі дерт әсіресе Шығыс Азияда, соның ішінде Қытайда асқынып барады. Жалпы 2022-жылы әлемде 2 жарым миллион адамда өкпенің қатерлі ісігі анықталған. 200 мың науқастың, яғни 8 пайызы лас ауаның кесірінен ауырған.