2032 жылы астероид Жермен соқтығысуы мүмкін

Жерге жақындай бастаған астероид бақылауға алынды.

2032 жылы астериод Жермен соқтығысуы мүмкін. Бірақ оның ықтималдығы бір пайыз ғана. Еуропа мен америкалық ғалымдар осылай деп отыр. Бұл астероид екі ай бұрын анықталып, сол уақыттан бері жіті бақылауда. Мамандардың айтуынша, бұл астероидтің диаметрі 90 метрге жуықтайды. Бірақ көлемі үлкен болмаса да Жермен соқтығысса, салдары ядролық жарылыс кезіндегідей ауыр болуы мүмкін дейді. Сондықтан оны ғаламшар үшін қауіпті аспан денелерінің тізіміне енгізген.