Өзбекстандағы қазақ жазушыларының кеңесі өтті

Өзбекстанда былтыр қазақ жазушыларының түрлі жанрда 20 кітабы жарыққа шыққан. Олардың көркемдік мазмұны негізінен аударма бағытында. 

Өзбекстан жазушылар одағындағы қазақ әдебиеті кеңесінің кезекті жиынында былтырғы жылға есеп беріліп, алдағы жоспарлар бекітілді. Бұл елде қазақ қаламгерлерінің саны 60-қа жуықтайды. Былтыр түрлі жанрда 20-дан астам кітап шыққан. Авторлар көбіне туған жер, естеліктер мен балалар шығармасына қалам тербейді. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы Өзбекстанда кеңінен аталып өтілді. Облыс орталықтарымен аудан, ауылдарда жыр мүшәйралары өтіп, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылды.

Тұрсынәлі Ахметов, Өзбекстан жазушылар одағы қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы:

- Қазақстанда Өзбекстанның халық жазушысы Қайри Сұлтанның «бақыт жағалауы» атты прозалық шығармасы Қазақстанда жарық көрді. Бұл да екі елдің әдеби байланысын жаңа деңгейге көтерді деуге болады.

Қазақ кітаптарының негізгі оқырмандары мектеп оқушылары. Қандастар көп шоғырланған Ташкент облысынан бөлек, қарақалпақстанда да қазақ жазушыларының шығармалары сұранысқа ие.

Гүлдана Нарымбетова, публицист, журналист:

- Биыл – Өмірзақ Қожамұратовтың 95 жылдығы. Бұл тек Өзбекстанда ғана емес, Қазақстан жазушылар одағымен өте кең көлемде тойланайын деп отыр. Сондай-ақ Төлеген Айбергеновтың кештерін ұйымдастыру ниетіндеміз.

Жиында биылғы жылы жарыққа шығатын шығармалардың мазмұны мен қаржыландыру тетіктері сөз болды. Жас ақын-жазушыларды қолдау тақырыбы да назардан тыс қалмады.