Елордада «Боран» атты көрме өтті
Астанада суретші Әсел Есжанованың жеке көрмесі өтті. Онда сәулетші жеті жылдық шығармашылық жолында көркем мәдениетті терең зерттегенін көруге болады.
Көрмеге әртүрлі форматтағы 9 туынды қойылды. Арал теңізінен әкелінген қайық бүгінде мұражайдан табылды. Инсталляцияны Jeltoksan бүркеншік атымен өнер көрсететін Бексұлтан Бақытжанның композициясы сүйемелдеді. Дыбыстық дизайн жел, кеңістік және ішкі қозғалыс сезімін арттырады. Айта кетейік, бұл суретшінің алғашқы көрмесі. Көрменің атауы көптеген концепциялардың бір арнаға тоғысуынан туындаған.
Әсел Есжанова, суретші:
- Бұл менің алғашқы көрмем, сондықтан түрлі жанрдағы туындыларды ұсындым. Суретші болғандықтан қиялыма шек қоймаймын. Қазір кенеппен жұмыс істеп жатырмын. Қиялымнан туған туындылардың көрерменге ұнап жатқаны қуантады.