Елордада жастардың шығармашылық байқауы басталды
Елордада Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген дарынды балалар мен жастардың басын қосқан алғашқы республикалық байқау өтіп жатыр.
Бес жастан 25 жасқа дейінгі 300-ге жуық қатысушы жарқын музыкалық және хореографиялық номерлерін ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау шығармашылық әлеуетті дамытуға және ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған.
Бауыржан Исаев, қазылар алқасы:
- Әр баланың өзінің таланты бар. Әр балаға бөлек көзқарас, бөлек баға болады. Тағы да айтып өтейін біздің балларымыз өте талантты. Біріншіден, дауысына қараймыз, екішіден, сахнада өзін өзі ұстауы. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін.
Нұрболат Сейітмұратов, ұйымдастырушы:
- Бүгін біз бірінші республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауын бастағалы отырмыз. Бұл байқаудың мақсаты республикамыздағы танылмай жүрген өнерпаздарды халыққа үлкен сахнада көрсету. Байқаудан супер Гран-при алған жеңімпаздар Грузияда өнер көрсететін болады.