Талдықорғанда С. Сейфулиннің жеке заттары көрмеге қойылды

Талдықорғанда мемлекет қайраткері, жазушы Сәкен Сейфулиннің жеке заттары жұрт назарына ұсынылды.

Мұхаметжан Тынышбаев атындағы облыстық өлкетану музейінде «Сәкен Сейфуллин: тағдыр мен тағылым» атты екі апталық көрме өтіп жатыр. Астана қаласы әкімдігінің музей дирек-циясы, ұйытқы болған іс- шараға 100-ден астам экспонат әкелінді. 80 жәдігер түпнұсқа саналады. Ақынның күміс қасығынан бастап, алтын сағаты, жазу машинасы сынды қолының табы қалған құнды дүниелер бар. Сонымен қатар кітаптары, қайраткерге қатысты сирек құжаттар, қуғын-сүргін жылдарындағы материалдар қойылды.

Ясмина Сәбитқызы, оқушы:

- Көрмеде Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы айтылды. Ол маған өте қатты ой салды. Менің ойымша, ол поэма қазіргі қазақ балаларына мықтылық пен қайсарлықты дәл сондай Сәкен Сейфулиндей ер мінезді болуға үйретеді деп ойлаймын.

Гүлнәзия Ибраева, С. Сейфуллин музейінің жетекші ғылыми қызметкері:

- С. Сейфуллин Үкімет басшысы болған. Сол кезде көтерген алғашқы мәселесі тіл болған. Қазақ тілінің дәрежесі, кеңседе қазақ тілін жүргізуді өзінің кеңсесінен бастаған. Ақмола мен Семей жері Сібір ревкомына өтіп кете жаздап тұрған кезде комиссия төрағасы болған Сәкен Сейфуллин соны өзімізге алып қалған. Үлкен міне еңбегі.