Қарқаралыда қымыз фестивалі өтіп жатыр

Қарқаралы ауданында BaiQymyz өңіраралық этногастрономиялық фестивалі өтіп жатыр.

Ауқымды шараға елдің түкпір-түкпірінен 37 үздік қымыз өндіруші жиналды. Фестивальді көруге келген халыққа 30 тоннадан астам қымыз тегін ұсынылды. Жұрт ұлттық сусыннан дәм татып, қолөнер бұйымдары көрмесін тамашалап, спорттық ойындарда бақ сынады. Фестивальдің басты оқиғасы - қымыз өндірушілер байқауы. Онда сусынның дәмі, сапасы мен құрылымы арнайы мамандар мен қоғам өкілдері тарапынан бағаланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, этнотуризмді дамытуға серпін береді.

Жұмажан Қалтаев, жоба авторы:

- Осында жюри бар, сосын халық дауыс береді. Екі түрлі. Жюрилер ішінде биохимиктер бар, оқымыстылар бар қымызды зерттеп жүрген, қоғам қайраткерлері бар, сол кісілер қымыздың дәміне дауыс береді. Өздерінің бланктері, критерийлері бар.