«BaiQymyz-2026» гастрофестивалі аяқталды

Елордада «BaiQymyz-2026» гастрофестивалі аяқталды.

Екі күнге созылған шараға 70 мыңнан астам қонақ келіп, 59 өндірушінің 56 тонна қымызы ұсынылды. Қазақстанның түкпір-түкпірі мен шет елдерден келген қатысушылар қымыздың сапасы, дәмі, дайындалу ерекшелігі мен ұлттық дәстүрге сәйкестігі бойынша сынға түсті. Фестиваль қорытындысы бойынша олар негізгі байқаудан бөлек «Ем қымыз», «Халық таңдауы» және арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар, арнайы кубоктер мен бағалы марапаттар табысталды. Ал бас жүлде алған жеңімпазға автокөлік сыйға берілді.