Астанада Шәмші әндері ерекше жанрда шырқалды
Елордалықтарға жақсы таныс "Шәмші әлем" инсталяциясы маңында музыкалық жас көрермен театрының бір топ әртісі атақты композитордың туындыларын нақышына келтіре шырқады.
Қыз-жігіттер тек ән салып қоймай, театрландырылған қойылым қойып, көпшіліктің көңілін бір серпілтті. Шара барысында "Арыс жағасында", "Бақыт құшағында", "Ана туралы жыр" сынды вальс королінің шоқтығы биік шығармалары бірінен соң бірі орындалды. Өнер иелері осылайша ән падишасының туған күнінде құрмет көрсетуді парыз санаған. Тамаша тарту бұдан бөлек елорданың бірқатар ауданында ұйымдастырылды.