Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне – 45 жыл

Осы музейдің негізін қалаушы тарихшы-этнограф, қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібектің туғанына 95 жыл толып отыр. Осыған орай Алматыда «Тұлға. Тағылым. Мұра» атты мәдени іс-шара өтті.

Жиынға қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Музей қазақтың ұлттық мәдениетін жаңғыртуға, музыкалық мұраны зерттеу, сақтау және насихаттауға зор үлес қосты. Мерейтойға орай арнайы экспозиция ашылды. Ол жерге музейдің қалыптасу және даму тарихын қамтитын архивтік құжаттар, фотосуреттер мен тарихи материалдар қойылды.  

Ұлжан Байбосынова, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жыршы:

- Бұл музейдің осындай үлкен рухани орталыққа айналуына себепкер, әрине, Өзбекәлі аға Жәнібеков. Осы музейде сонау XV ғасырдан бергі жәдігерлер, сондай-ақ XIX ғасырда өмір сүрген біздің әйгілі күйші, әнші, композиторлардың қолына ұстаған мұралары мен жәдігерлері сақталған.

Сондай-ақ оқыңыз: