«Бүркітші» фильмі көрерменге жол тартады

Алматыда «Бүркітші» фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл – елімізде алғаш рет dark-триллер жанрында түсірілген туынды.

Картинада қазіргі қоғамның әлеуметтік және адамгершілік мәселелері қозғалады. Сюжет қылмыстық істі тергеу төңірегінде өрбиді. Оқиға барысында ауылдағы бүркітші мен полиция қызметкері жұмбақ жайттарды ашуға кіріседі. Фильмнің түсірілімі Алматы облысында өтті. Картина – жас режиссер Қуаныш Стахановтың шығармашылық жұмысы. Басты рөлдерді Зарина Кармен және Берік Айтжанов сомдады. Фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» базасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілді. Туынды 10 қыркүйектен бастап еліміздің кинотеатрларында көрерменге жол тартады.

Қуаныш Стаханов, режиссер:

- Бүркітшілік өнерді көрсету үшін бізге арнайы кеңесші көмектесті. Оның аты – Арман. Ол – еліміздегі ең үздік бүркітшілердің бірі, Қазақстан чемпионы. Құстарды да Арманның өзі баптады. Түсірілім кезінде бізде екі бүркіт болды. Олар бір-бірін алмастырып отырды. Бір бүркіт шаршаған кезде, екіншісін түсірдік.

Зарина Кармен, актриса:

- Айтылатын оқиға өте ауыр, негізі. Десе де енді бұл полиция қызметкері болғаннан кейін белгілі бір өзінің мамандығына сай ерекшеліктері болады. Сондықтан түсірілім алаңында да сол мамандық иесі болды. Жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, мамандандырылған сөздер деген сияқты.

Сондай-ақ оқыңыз: