Ақын Шөмішбай Сариев дүниеден озды

Белгілі ақын Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көзі тірісінде қаламгерге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген. Оның тырнақалды жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атаумен жарық көрді. Кейін «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы көпшілікке жол тартты. Ақынның әнге арқа болған шығармалары да халық аузында. Әдебиетке қосқан үлесі халықаралық және мемлекеттік сыйлықтармен бағаланды. «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері», «XX ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» сынды ғылыми еңбектері де бір төбе. Шөмішбай Сариевтің жарқын бейнесі халқының жадында мәңгі қалады.

Сондай-ақ...