ШҚО-да «Қайратты жастар» байқауы өтті

Өскеменде осындай ұранмен спорттық-мәдени шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға өңірдегі өндірісте жұмыс істейтін жас мамандар  қатысты. Бірнеше кезеңнен тұратын сайыста 7 команда өзара мықтыны анықтады.

Шығыстағы жастардың қажыр-қайратын көрсететін  спорттық-мәдени шараны өткізу дәстүрге айналған. Осымен 9 рет өтті. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын ұлықтауға арналған шараға  өңірдегі  ең ірі   кәсіпорындардан 7 команда жасақталыпты.  «Үздік кәсби бағдар» «Шығармашылық бағыт», «Спорттық топ»  және «Мекемедегі үкіметтік емес ұйым». Олар  осындай төрт аталым бойынша  өзара жарысты. Әр жас маман әр салада еңбек етеді.

Берікбол Серікұлы, «Қайратты жастар» байқауына қатысушы, шахтер:

– Өйткені  жердің астында жүріп жұмыс істеп, күнделікті күйбең тірліктен қайта осындай шараларға келіп қатысқанымыз біз үшін үлкен бір серпіліс.

Әр өндіріс орны әр түрлі ұранмен қатысты. Ең негізгі басымдық өз мамандығының ерекшелігін көрсете отырып, оның  тәуелсіздікке қосқан үлесін  ұлықтау. Сондықтан биылғы байқаудың мән-мазмұны да ерекше болды.

Арайлым Есембекова, облыстық жастар ресурсы орталығының директоры:

– Жылдан жылға командалардың саны да, сапасы да артып келеді. Аудандық деңгейдегі командалар да бақ сынасып жатыр.

Спорттың бірнеше түрінен өткен сайысқа олимпиада чемпионы – Ольга Рыпакова жастарды қолдау үшін арнайы келіпті. Белгілі спортшы осындай шаралар жастардың рухын көтеретін айтады.

Ольга Рыпакова, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері:

– Осындай  шараларадың арқасында біз жастарды спортқа қызықтырамыз. Сондықтан бұл өте маңызды. Қызықты сайыстар арқылы ғана жастардың кәсіби деңгейін анықтаймыз. Тек спортта ғана емес, барлық салада солай.

Бірнеше  кезеңнен тұртын спорттық сайыстың қорытындысы бойынша әрбір команда түрлі аталым бойынша марапатталды. Шығыста Тұңғыш Президент мерекесі мен  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай желтоқсан айында жалпы 227 іс шара ұйымдастырлып, 94 нысан ашылмақ.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтын